Пятница, 29 Май 2026
Дни.Азия
  • Бизнес
  • Общество
  • Политэк
  • Мир
  • Культура
  • Спорт
  • Техно
  • Жизнь
Поиск
  • Казахстан
  • новости
  • Россия
  • Алматы
  • Китай
  • происшествия
  • США
  • Узбекистан
  • суд
  • паводки
Дни.АзияДни.Азия
Font ResizerAa
  • Мои вкладки
Search
  • Pages
    • Home
    • Blog Index
    • Contact Us
    • Search Page
    • 404 Page
  • Personalized
    • Мои вкладки
  • Categories
Have an existing account? Sign In
Follow US
© 2022 Foxiz News Network. Ruby Design Company. All Rights Reserved.
Общество

Блогер Айжан Хамит неге «хамить» етіп жүр?

Открытый источник
Автор: Редакция
26 мая, 2026
Поделиться
время чтения: 6 мин.
Поделиться

Шетелге қоныс аударған блогер Aizhan Khamit медиа қауымдастық, құқыққорғаушы ұйымдар мен азаматтық қоғам атынан Халықаралық олимпиада комитетіне (ХОК) арыз-өтініш жолдады. Себеп: Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті Гаджи Гаджиевтің өзін «қылмыскер» деп әбден дәлелсіз қаралап 30-дан астам подкаст жариялаған «Бәсе» ютуб арнасының жетекшісі @Наталья Садыкованы тұрғылықты жері бойынша Киев сотына арыз беруі. Гаджиевтің талабы – өзін дәлелсіз қаралайтын сол подкастарды арнадан өшірту. ХОК-қа арыз түсірген Айжан Хамиттің жазуынша, ар-намысын қорғау үшін Гаджиевтің Киев сотына арыздануы журналист Садықованың «кәсіби қызметіне, жеке қауіпсіздігіне және пікір айту еркіндігі құқығына нұқсан келтіреді» екен! Сондықтан Г.Гаджиевті қызметінен кетіру процедурасын ойластыруды ХОК-тан өтінетін арызға жұртты жаппай қол қоюға шақырыпты.

Сонда қалай болғаны, Садықованың шылғи өтірікті шындай көрсетіп, Гаджиевті «қылмыскер» деп дәлелсіз қаралай беруіне болады екен де, ал өзінің ар-намысын қорғау үшін Гаджиевтің Киев сотына арыздануына ешқандай қақысы жоқ па?!. Адам құқықтарының теңдік принципі қайда қалды?!. Блогер Айжан Хамитті бұл қылығы үшін құқықтық норманы бұрмалап көрсететін «манипулятор» деп атау аздық етеді-ау, оған Інжілден кіріккен орыстың «хам» (бетбақ) сөзі сәйкесетін сияқты. Ол «Бетбақ- жеңеді, бейшара көнеді» деген тактиканы басшылыққа алған ба?

Киев сотының талқысы кезінде оңбай жеңілетінін сезіне бастаған Наталья Садықова Гаджи Гаджиевке қарсы блогер Айжан Хамитті ғана «хамить» еткізіп, айдап салған жоқ. Бұған дейін Freedom for Eurasia ұйымы Киевтің Шевченко аудандық сотына Гаджиевтің талап арызын қарамай тастау жөнінде үндеу жасады. Адам құқығын қорғайтын еуроазиялық ұйым үндеуінде өз құқығын қорғау үшін сотқа жүгінген Гаджиевтің заңды әрекетін «трансұлттық репрессия» деп бағалап, саяси һәм коммерциялық тапсырысты күйттеп дәлелсіз материал жариялағаны көзге ұрып тұрса да Садықованы «тәуелсіз журналист» депті. Сондықтан Гаджиевтің өзіне «жала жапқаны» үшін Садықовға қарсы арызын қарамай тастау қажет» деп Киев сотына дікеңдепті. Кез келген даудың нүктесін сот қоймайтын ба еді?! Кімдікі – дұрыс, кімдікі — бұрыс екенін де шешетін сот. Сот болғанда да, адам құқықтары принципін басшылыққа алатын реформа тезінен өткен Украина соты ғой. Олай болса, журналист Наталья Садықованың дегбірі қашып, неге тызаңдайды. Әлде ол өтірікті өрмектеймін деп жүріп «косякқа» кіріп кеткенін енді түсінді ме екен? Сотта оңбай жеңілетінін түсініп, байбалам салып жауапкершіліктен құтылып кетудің амалы ма бұл?

БҰҰ-на арызданған «Шекарасыз тілшілер» («Репортеры без границ» — RSF) ұйымының мәлімдемесінің мәтініне қарасақ, мұны да ұйымдастырған Наталья Садықова екені анық. RSF Киев сотына арызданған Гаджи Гаджиевті «российско-казахстанский бизнесмен» депті. Бұл Наталья Садықованы «Гаджиев – дағыстандық ФСБ офицері», «ол Ресей мүддесі үшін қазақ-қытай шекарасында контрабандамен шұғылданады» деп қоймай айтып жүрген өтірігінің жұмсатртылған нарративі. Дегенмен, RSF мәлімдемесінде Г. Гаджиевті Айдос Садықов өлімімен байланыстырған жоқ. Ал RSF ұйымының осы мәлімдемесін «Бәсенің» телеграм арнасына көшіріп басқан Наталья Садықова Гаджиев жөнінде «как стало известно RSF, предположительно связан с убийством» деп жанынан сөз қосып қойыпты. Садықовның бұл қылығы білдей «Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымының мәлімдемесін бұрмалап екінші мәрте «подставить» ету емей немене?!. «Шекарасыз тілшілер» ұйымының Г.Гаджиевті «российско-казахстанский бизнесмен» деп атауы да шылғи өтірік. Ол отбасылық жағдайға орай екі-үш жасында Жаркентке қоныс аударған. Мектеп-университетті Қазақстанда оқыған, осында спортпен шұғылданған, қазір де қазақ спортының меценаттарның бірі. Бизнестегі әріптестері де, жай өмірдегі достары да қазақтар. Иә, ол Қытайда он жылдай тұрған, оның логистика мен сауда-саттыққа негізделген бизнесі Қытаймен тығыз байланысты: Қытай-Қазақстан, Қытай-Орталық Азия және Шығыс Азия елдері, Қытай-Түркия, Қытай-БАӘ… Сонда оны қалайша «российско-казахстанский бизнесмен» дейміз?!.

«Бәсе» ютуб арнасының жетекшісі Наталья Садықованың Г.Гаджиев жөнінде «қытай-қазақ шекарасын қадағалайтын дағыстандық» деп екпін беру арқылы оны бейтарап Қазақстанның емес, Украинаға басқыншылық соғыс ашқан Ресейдің мүддесін күйіттеуші қылып көрсеткісі келеді. Оның бұл нарративі де уәжсіз. Себебі, Кеден одағы келісімі негізінде 2022 жылға дейін қытай-қазақ шекарасынан Қазақстан бюджетіне түсім (кеден салығы) өте аз болатын. Сауда-саттықтың бұл бағытын Болат Назарбаевтың «адамдары» қадағалап келді. Қаңтар оқиғасынан кейін президент Тоқаев осы олқылықты түзетуді Г.Гаджиевке тапсырған. Логистика мен кеден істері мәселесін жақсы білетін Гаджиев контрабандамен шұғылданып жүрген фирмаларды қытай-қазақ шекарасынан ысырып, бәрін тәртіпке келтірген. Нәтижесінде бұрын кеден салығынан Қазақстан бюджетіне бір жылда түсетін салық жоспары екі айда орындалды, яғни кеден салығының түсімі 6 есеге артқан. Әрине, бұл өзгеріс бұрын «ішіп-жеп» қалған мүдделі топтарға ұнаған жоқ. Украинадағы ерлі-зайыпты Садықовтар «Бәсе» ютуб арнасында Гаджиевке қарсы ақпараттық науқан бастады, оны «российско-казахстанский бизнесмен», «ФСБ-ның құпия офицері», «ол Ресей мүддесі үшін қызмет етеді» деген дәлелсіз нарративті күшейтті. «Бәседе» Гаджиев жөнінде 30 астам материалдың жариялануы да ерлі-зайыпты Садықовтардың тапсырыспен әрекет еткенінен хабар береді. Осы нарративті Наталья әлі де жалғастырып жатыр және халықаралық құқық қорғаушы ұйымдарға өзінің дәлелсіз сөзін тықпалап, мәлімдеме жасатып Украина сотына ықпал етпек. Садықованың мұндай құйтырқы әрекетінің ығына жығылған ұйымдардың да беделіне нұқсан келетіні анық. Себебі – «Өтіріктің құйрығы бір тұтам».

Источник:Contur
Поделиться этой статьей
Почта Копировать ссылку Печать
Предыдущая Роман Скляр назначен главой Администрации президента РК
Следующая Сын великой степи и голос его выше гор и равнин
Комментариев нет

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Самое читаемое

Культура

Сын великой степи и голос его выше гор и равнин

27 мая, 2026
Политэк

Роман Скляр назначен главой Администрации президента РК

5 мая, 2026
Политэк

Межэтнические отношения в Казахстане: реальность, мифы и тревожные звонки

30 апреля, 2026
Политэк

Хлопцы, чьи вы будете?..

30 апреля, 2026

Может понравиться

Общество

Более 7 тысяч водителей не прошли эконормы в Алматы

3 апреля, 2025
Недвижимость
Общество

Квартирный вопрос в Алматы — требуйте документы

7 июня, 2024
иллюстрация
Общество

Рыночные сборы существенно повысились в Ташкенте

18 февраля, 2025
Железная Айжан
Общество

Железная Айжан: кто противостоит Бишимбаеву

23 июля, 2024
Показать больше
  • Больше тем:
  • Казахстан
  • новости
  • Россия
  • Алматы
  • Китай
  • происшествия
  • США
  • Узбекистан
  • суд
  • паводки
  • Касым-Жомарт Токаев
  • Кыргызстан
  • Токаев
  • Куандык Бишимбаев
  • Центральная Азия
  • праздник
  • полиция
  • наводнения
  • полезные советы
  • туризм
Дни.Азия
Информация, которой вы можете доверять: всегда оставайтесь на связи с самыми свежими новостями. От политики и технологий до развлечений и не только, мы предоставляем информацию в режиме реального времени, на которую вы можете положиться, что делает нас вашим надежным источником новостей в режиме 24/7.
Youtube Rss
О проекте
  • Заказать рекламу
  • О нас
  • Контакты
  • Политика конфиденциальности
  • Правила пользования сайтом

© dni.asia. Все права защищены.

Добро пожаловать на dni.asia
Имя пользователя или почта
Пароль

Забыли пароль?